376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Улдис Аугулис: 26 жылда Қазақстан мен Латвия арасында ашық байланыс қалыптасты

  • 541
  • UPD: 11:53, 14.12.2017

Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Қазақстан мен Латвияның арасында жан-жақты тығыз достық қарым-қатынас пен ашық және сындарлы байланыс қалыптасты.

«Рига Астанамен арадағы Еуразиялық транзиттік тасымалды дамытудағы ынтымақтастықтан үлкен болашақ күтеді», – дейді латвиялық-қазақстандық үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы және байланыс министрі Улдис Аугулис.

Улдис Аугулис, Латвияның байланыс министрі:

– Биылғы жылы Қазақстанмен ынтымақтастық жоғары деңгейде болғанын айтқым келеді. Және ЭКСПО-2017 көрмесін айтпау мүмкін емес. Көрме барысында Латвия көлік саласының апталығы өткізілді. Сонымен қатар өзара теміржол қатынасы бойынша да көп істер атқарылды. Ынтымақтастығымыз жылдан-жылға жақсара береді деп ойлаймын. Қазақстанды ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Барша халыққа өсіп-өркендеу мен бейбітшілік, тыныштық тілеймін. Еуразиялық кеңістікте бізді байланыстырар даңғыл жол кеңейе берсін.

Хабар 24 телеарнасы