386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Владимир Попик: Қазақстан ең алдымен білікті адамдарымен құнды

  • 396
  • UPD: 15:23, 14.12.2017

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Владимир Попик Украинаның 200 жылдық тарихы бар Вернадский атындағы ұлттық кітапханасын басқарады.

Көрнекті ғалым Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, егемен елдің ең басты жетістіктеріне тоқталып өтті. «Қазақстан ең алдымен білікті адамдарымен құнды деп ой қорытай келе, мемлекеттің табысты модернизациясы да білімді кадрлардың қолында», дейді ғалым.

Владимир Попик, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Қазақстанның барша халқын және оның әлемге әйгілі әрі құрметті басшысын, ұлт лидерін Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қазақстанның егемендігін күннен-күнге бекіте түсетін қарапайым еңбек қауымын да осынау мерекесімен құттықтағым келеді. Біз Украинада жүріп, Қазақстанның қол жеткізген барлық жемістерін жақсы білеміз. Мамандардың әлеуеті артқан, жаңа технология, экономикалық реформалар, менеджмент саласы күн санап қарыштап дамып келеді. Бұл біз үшін құнды әрі үлгі болатын қадамдар.

Хабар 24 телеарнасы