389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Медикер» – өнеркәсіптік медицина» компаниясы «Алтын сапа» сыйлығын иеленді

  • 522
  • UPD: 20:20, 14.12.2017

«Медикер – өнеркәсіптік медицина» компаниясы биылғы жылды ауыз толтырып айтар бірқатар жетістікпен қорытындылап отыр.

Жақында Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын иеленді. 30-дан астам ірі кәсіпкерлік субъектілерімен сынға түсіп, жылдың «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорны» атанды. Сол сияқты EXPO көрмесінің ресми серіктесі болып, 93 күн бойы көрмеге келушілерге медициналық қызмет көрсетті.

«Алтын сапа» жүлдесі – сапа идеясын насихаттау мақсатында өткізілетін шара. Биылғы жылы 101 компания қатысып, олардың ішінде «Қызмет көрсетуші үздік компания» номинациясында 30-дан астам серіктестік бақ сынады. Бірақ жеңімпаз біреу.

Арман Лұқманов, «Медикер-ӨМ» ЖШС атқарушы директоры:

– Біз өз клиенттерімізге сапалы және уақтылы қызмет көрсетіп келе жатқан ұжымның біріміз. EXPO қалашығында қызмет ету үлкен жауапкершілік жүктеді. Қалашық аумағында 7 стационарлық пункт, 8 медициналық бригада құрып, 93 күн 125 дәрігер тәулік бойы жұмыс істеді. Бұл еңбек шығынының 93 000 адам сағатына тең. 8 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгініпті. «Алтын сапаны» жеңіп алуымызға EXPO-дағы қызметіміздің де үлесі бар.

«Медикер – ӨМ» қатысушылары мен қонақтарына сапалы медициналық қызмет көрсетті. Көрме қалашығынан Астана клиникаларына науқастардың жедел жәрдем көлігімен қауіпсіз жағдайда жеткізілуін қамтамасыз етті. Айтпақшы Компания EXPO-дағы өзінің көрмелік стендін ұсынған жалғыз медициналық мекеме болды. «Медикер» серіктестігінің 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар. 2013 жылы «Медикер – ӨМ» еншілес компаниясы құрылды. Сол уақыттан бері CNPC, KarachaganakPetroleumOperating сияқты ірі халықаралық компаниялардың сенімді серіктесі. Осы жобаларды жүзеге асыру, ISO және OHSAS сапа менеджменті стандарттарына негізделді.

 

Авторлары: Жамбыл Зейнолла, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы