386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында екі балабақша ашылды

  • 826
  • UPD: 08:19, 15.12.2017

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Қостанай облысында қос бірдей балабақша пайдалануға берілді.

Оның бірі Лисаков, екіншісі Жітіқара қаласында орналасқан. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғимараттары бар талапқа сай. 280 бүлдіршінге есептелген Лисаковтағы балабақшада ойын залы, демалыс бөлмелерінен тыс психолог, логопед кабинеттері бар. Бұл шағын қалада соңғы екі жылда ашылған үшінші бөбекжай. Қазір кезекте тұрған жергілікті алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер балабақшамен қамтылып отыр.

Айман Игисинова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Қостанай облысы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту бойынша елімізде көш бастап тұр. Республикада ол 87 пайыз болса, бізде 99,6 пайызды құрайды. Келер жылы балабақшалардың қатары толығып, қосымша 530 орын пайда болады. Арқалықта екі балабақша ашылады.

Хабар 24 телеарнасы