Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушы анықталды

  • 482
  • UPD: 08:20, 15.12.2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтау халықаралық әуежайы миллионыншы жолаушысын Астанаға шығарып салды.

Мерекелік шара кезінде елордаға аттанғалы тұрған көпшілікке алдын ала ұшаққа отырғызу талоны берілді. Арнайы жәшікке салынған талондардың біреуі ұтыс билеті. Сөйтіп жеңімпаздың есімін әуежайдағы ең кішкентай жолаушы мен өңір басшысы Ералы Тоғжанов анықтады. Үстел теннисінен ел жарысына бара жатқан Сұлтангерей Тілегенов осылайша Астанаға тегін аттану мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, былтыр Ақтау әуежайы арқылы 866 мың жолаушы 24 бағыт бойынша шетелге ұшқан. Болашақта тағы 6 бағыт ашу көзделген.

Сұлтангерей Тілегенов, миллионыншы жолаушы:

- Миллионыншы жолаушы болғаныма өте қуаныштымын. Алғысымды айтамын. Мен командамен Астана мен Алматыға жылына 5-6 рет ұшып тұрамын.

Хабар 24 телеарнасы