386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетикалық хартияның бас хатшысы қазақстандықтарға жылы лебізін жеткізді

  • 538
  • UPD: 11:42, 15.12.2017

Еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтау әлемнің әр тарапынан толассыз келіп жатыр.

Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснак та өзінің жылы лебізін жеткізді. Ол 26 жыл ішінде Қазақстан бағындырған биік белестерді атап өтіп, халықаралық аренадағы маңызды рөліне тоқталды. Ауқымды халықаралық ұйымның басшысы екіжақты серіктестіктің келешегі кемел болатынына сенімін білдірді.

Урбан Руснак, Энергетикалық хартияның бас хатшысы:

- Қазақстанды Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен құттықтаймын! Бұл ел осы уақыт аралығында ұлы жолды өткеріп, өзінің халықаралық аренадағы рөлін дәлелдеді. Осылайша үлкен, тәуелсіз елге айналды. Біздің де екіжақты серіктестігіміз дамып келеді. 2014 жылы Қазақстанның басшылығымен Астанада министрлер отырысын өткіздік. Осы жылы Энергохартия қатысқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де сәтті өтті. Болашақта ынтымақтастығымыз еселене берсін дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы