Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл қаласында тез пісетін кеспе шығарыла бастады

  • 918
  • UPD: 14:12, 15.12.2017

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында тағам дайындау кешенінде тағы бір желі іске қосылды.

Жоба индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, twitter @91aidarbek:

- Ерекшелігі сол, қазір Қазақстандағы кеспелердің барлығы қолмен жасалады. Ал осында ол озық қондырғы, тың технологиямен ғана дайындалады.

Бұл кәсіпорынның Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі бәсекелестігін арттырады. Петропавлдағы тез дайындалатын тағамдар кешені былтыр ашылған еді. Енді мұнда құрғақ таңғы ас, жүгері таяқшалары, қауыздармен қатар кеспе де шығарылады. Бұл кәсіпкерлікті қолдау картасының жобасы. Құны 1 млрд 400 млн теңге. Қаржының бір бөлігі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша бөлінді. Жаңа желі жылына 15 мың тонна өнім өндіреді. Оның тең жартысы көрші Ресей еліне экспортталады. Іскер азамат бір емес, бірнеше өндірісті қатар алып, жеке индустриалды аймақ құрмақ.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Зауыттың жанынан жаңа жеке индустриалды саябақ ашпақшымыз. Онда 14 жаңа өндіріс ашылады. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асады. Сондықтан облыстың экономикалық дамуына ол оң әсер етеді.

Жаңа желіде 60 адам жұмыс істейді. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында 25 жоба жүзеге асты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура, Вадим Пятков, Сергей Вансович

Хабар 24 телеарнасы