386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында ауыл бүлдіршіндеріне балабақша тарту етілді

  • 743
  • UPD: 14:15, 15.12.2017

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Атыраудағы Геолог кентінде жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие беруге арналған ғимарат 165 бүлдіршінге шақтап салынған. Аумағы 7 мың шаршы метрлік екі қабатты ғимаратта бала тәрбиесіне қажеттінің барлығы бар. Осы заманғы озық технологиямен жарақталған нысан жиһаз бен ойыншықтардан бөлек, спорт зал және музыкалық кабинетпен жабдықталған. Бұл – өңірде осы жылы пайдалануға берілген екінші балабақша.

Света Аманшиева, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

- Қазіргі таңда бізде 290 орындық Еркінқала селолық округінде балабақша бой көтеруде. Атырау селолық округінде 160 орындық балабақшамыз салынуда. «Нұрсая» ықшам ауданында 300 орындық балабақша салынуда. Барлық бүлдіршінді балабақшаға орналастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы