387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы еліміздегі жедел жәрдем көліктері жаппай сарыала түске боялады

  • 820
  • UPD: 15:35, 15.12.2017

Алдағы жылдан бастап еліміздегі жедел жәрдем көліктері жаппай сарыала түске боялады.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, дәл осы бастама медициналық жәрдемнің жылдам әрі қауіпсіз жетуіне көмектеседі. Бұған қоса көліктің сыртқы дизайнына тағы бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бояу жұмыстары 2018 жылы басталады және арнайы жоспар бойынша Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. Көліктің сыртқы кейпінен бөлек, оның ішіндегі дәрігерлердің де киімі халықаралық талаптарға сай өзгертілмек және ең бастысы, жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруға баса көңіл бөлінеді.

Нәзигүл Ырымбаева, республикалық санитарлық авиация орталығының бөлім меңгерушісі:

- Машиналарымыздың түрі ғана өзгеріп қоймай, оның ішінде отырған дәрігер мен жүргізуші әлемдік стандартқа сәйкес оқытудан өтеді.  Сонымен қатар ішіндегі жабдықталуы да өзгереді. Мұның бәрі халқымызға жасалып отырған жағдай.

Хабар 24 телеарнасы