384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Мамыкин: Қазақстан – Еуроодақтың өте маңызды серіктесі

  • 387
  • UPD: 17:47, 15.12.2017

Қазақстан Орталық Азияда Еуроодақпен серіктестікті кеңейту келісіміне қол жеткізген жалғыз мемлекет.

Және Еуроодақ үшін аймақтағы маңызды әрі сенімді серіктес.

Бұл туралы Еуропарламенттегі дауыс беру қорытындысы бойынша еуродепутат Андрей Мамыкин арнамызға берген сұхбатында айтты. Естеріңізге сала кетейік, Келісімге 2015 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында қол қойылған еді. Ол Қазақстанда және ЕО-ға мүше 18 елде ратификацияланып, 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша қолданысқа енгізілді. Ал 12 желтоқсан күні Еуропалық Парламент тарапынан қолдауға ие болды. 

Андрей Мамыкин, Еуропа Парламентінің депутаты:

– Мұндай маңызды келісім Қазақстанды Қытай сынды озық елдер көшіне қосылуға бастайды. Бұлар Еуроодақ үшін маңызды мемлекеттер. Енді Еуроодақ Кеңесінде ратификациялануы қалды. Ол – мемлекет басшыларының қатысуымен жүзеге асатын үдеріс. Өз басым  Еуроодақ келісімін береді деген сенімдемін. Еуро Парламенттің дауысы да маңызды рөл атқарады. Осылайша Еуродақ пен Қазақстанның серіктестігі жаңа деңгейге көтеріледі.

 

Хабар 24 телеарнасы