364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да сары аурудан 6-сынып оқушысы көз жұмды

  • 1655
  • UPD: 18:19, 15.12.2017
ШҚО-да сары аурудан 6-сынып оқушысы көз жұмды Фото: Stan.kz

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қарасты Шолпан ауылындағы 6-сынып оқушысы сары аурудан көз жұмған.

Бұл туралы біздің тілшілерімізге бір топ тұрғынның атынан Мақсат Жақыпов хабарлап отыр.

Олардың айтуынша, ес-түссіз Үржардағы Орталық аудандық ауруханаға түскен 13 жастағы жеткіншек кеше қайтыс болыпты. Тұрғындар: «Гепатит А» жұқпалы ауруымен ауырған оқушылар саны күн санап артып келеді, олардың саны 40-тан асып кетті», –  дегенді айтып, дабыл қағып отыр. Тағы бір 7 жастағы оқушы ауыр халде көршілес Аягөз ауданындағы Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен. Қазір оның жағдайы түзеліп қалыпты.

Дегенмен халық ауыл мектебінде 2 ай бұрын тіркелген ауруға қатысты тазалау, сақтандыру және ауырған балаларды емдеу шараларының дұрыс жүргізілмегеніне наразы. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл жағдайға байланысты комиссия құрылып, мәселе зерттеліп жатқанын айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 11-і күні біздің арна бұл туралы бейнематериал берген болатын. Ол кезде ресми тіркелген ауру бала саны 4-еу болатын.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Осы категория бойынша: « Тәуелсіздік күніне орай әдебиетшілер мен өнер адамдары марапатталды Бір топ сенатор «Парасат», «Достық» және «Құрмет» ордендеріне ие болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы