384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Панкин: Ресей Қазақстанмен арадағы стратегиялық әріптестікті өте жоғары бағалайды

  • 525
  • UPD: 07:51, 16.12.2017

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орайластырылған.

Президент әкімшілігі, Үкімет пен Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мемлекеттік Дума депутаттары және Федерация Кеңесі, шетел елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері осы кештің қонағы болды. Қазақстандықтарды құттықтап сөз алғандар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа назар аударды.

Александр Панкин, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Қос халықтың арасындағы сан ғасырлық байланыс пен тарих тұрғысынан қарағанда, қысқа мерзім ішінде талай маңызды оқиға болды. Мемлекеттік деңгейде қарым-қатынасымыздың сапалы жаңа моделін құру үшін үлкен жұмыс жүргізілді. Ресей Қазақстанмен арадағы одақтастық пен стратегиялық әріптестікті өте жоғары бағалайды. Соңғы 25 жылда данышпан және көреген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен  біздің әріптестігіміз екіжақты және көпжақты ынтымақтастық аясында одан әрі нығая түсті.

Хабар 24 телеарнасы