384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парвиз Шахбазов: Қазақстан мен Әзербайжан – берік достық орната білген елдер

  • 904
  • UPD: 09:59, 16.12.2017

Қазақстанның Тәуелсіздік күні Әзербайжан жерінде де тойлануда.

Салтанатты шараға Үкімет өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды. Екі ел Президенттерінің өзара іс-сапарлары, дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы, транзиттік қуаттылықтың жоғарылауы, жаңа тасымалдау бағыттарының ашылуы және көптеген мәдени-әлеуметтік шаралар. Бұл жыл екі елдің де есінде қалар маңызды оқиғаларға толы болды. Ал Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өту осы жылды қорытындылайтын дәстүрлі мерекелік жиынға айналды.

Парвиз Шахбазов, Әзербайжанның Энергетика министрі:

– Қазақстан соңғы 26 жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Әзербайжан – берік достық әрі серіктестік қарым-қатынас орната білген елдер. Бірлескен жобалардың жүзеге асуы арқылы біздің мемлекеттер энергетика мен тасымалдау саласында алдыңғы орында келеді.

Қос елдің алдағы екі жылға нақты жоспары айқын. Екіжақты серіктестікті кеңейту жолында көптеген жобалар жүзеге асуы тиіс.

Әділ Әлиев, Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі:

– Мен аймақ бойынша Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймын. Екі ел халықаралық шараларда бір-бірінің бастамаларын қолдап жүреді. Бұл бізді қуантады. Барлық сала бойынша, тіпті парламенттік деңгейде қарым-қатынасымыз берік. Ақпан айында қазақстандық Парламент мүшелері іс-сапармен Әзербайжанға келеді, одан соң біз де Қазақстанға баруды жоспарлап отырмыз.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық аренада өз орнын айшықтап, жоғары беделге ие болды. Көптеген жаһандық жобалардың бастаушысына айналды»,дейді сарапшылар. Қазақстан мен Әзербайжан екі елге де тиімді жобаларды жүзеге асыра алды. Болашақта ынтымақтастықты еселендіріп, жаңа салада серіктестік орнатуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Эльшан Шахбалаев

Хабар 24 телеарнасы