389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызмет барысында қаза тапқан құтқарушы ерлігі үшін марапатталды

  • 751
  • UPD: 11:29, 16.12.2017
Қызмет барысында қаза тапқан құтқарушы ерлігі үшін марапатталды

2017 жылғы 15 желтоқсанда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста іздестіру-құтқару операциясын өткізу кезінде қаза тапқан Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Елдос Маратұлы Нұрпеисовке «Ерлігі үшін» медалі қайтыс болғаннан кейін берілді.

Медаль Астанаға арнайы келген оның жұбайы Жанат Қайдарқызы Нұрпеисоваға табысталды.

Еске салайық, 2017 жылғы 14 мамырда Елдос Нұрпеисов іздестіру-маневрлеу тобы құрамында суға батып кеткен ауылдасын іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ағын мен толқынның күшті болуы салдарынан құтқарушы үрлемелі қайықтан аударылып түсіп, суға кетті. Оны іздестіру жұмыстары 2 айға созылды. Жұмыс жетуі қиын жерлерде жүргізілуі тасқын су салдарынан өзеннің жоғары деңгейі, жоғары жақтың тасты болуы, үйінділер болуына байланысты қиындады. Осы жылдың желтоқсан айында Елдос 30 жасқа толатын еді. Үйде әйелі мен үш баласы қалды.

Елдос Нұрпеисов бірнеше жыл өзін сүйікті ісіне арнады. ШӨАЖҚЖ 9-бөлімшесінің 3-класс сүңгуір-құтқарушысы барлық іздесіру-құтқару жұмыстарына белсенді қатысты. Оның есебінде азаматтарға көмек көрсеткен он оқиға бар.

2017 жылғы қыркүйекте жыл сайын «Қазқұтқару» республикалық жиын-семинары өтетін ҚР ІІМ ТЖК «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттықтыру полигоны базасында Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан құтқарушы Елдос Нұрпеисовке мемориалды тақта орнатты.

Хабар 24 телеарнасы