389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Балет» театры алғаш рет әйгілі «Щелкунчик» балетін ұсынады

  • 502
  • UPD: 14:15, 16.12.2017

Өнер ұжымы 22-28 желтоқсан аралығында 8 қойылым жоспарлаған.

«Астана Балет» осы орайда алғаш рет көрермендер үшін 3 актілі балет ұсынғалы отыр. Ал билеттер бір ай бұрын сатылып кеткен. Театр әкімшілігіне тіпті қосымша сатылым күнін белгілеуге тура келді. Негізі «Щелкунчик» балетінің қойылымын Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова дайындаған. Спектакльге 200-ден астам өнерпаз қатысады. Олардың көбі балалар.

Дүйсен Мұсабеков, «Астана Балет» театры директорының орынбасары:

– Сахнада жасалып жатқан әр декорацияға, яғни әр қуыршақты, әр қасықты, әр орындықты жасайтын қол керек. Мұның бәрін біздің мамандар өздері жасап жатыр. 215 костюмді тігіншілердің өздері тігіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы