384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

  • 1986
  • UPD: 10:22, 17.12.2017

Талдықорғандағы Жастар саябағында «Тәуелсіздік елдік пен ерліктің  іргетасы» атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында Еділ патша, Тұмар ханшайымның, Тоныкөк, Білге қағандардың ерлік ісін бейнелейтін қойылымдар қойылып, тәуелсіздік жылдарында жазылған жалынды жырлар оқылды. Сондай-ақ егемендікпен бірге есейген жастарға жеке куәліктер тапсырылып, мемлекеттік қызметке жаңадан келген мамандар ант қабылдады. Жастар ел ағаларының батасын алып, өздері де мереке күніне арналған ақжарма тілектерін айтты. 

Жақсылық Үшкемпіров, «Қазақстанның Еңбек Ері»:

- Осы Жетісу жер жаннаты деп бекер айтылмаған. Бұл Жетісутұнып тұрған байлық. Осы байлыққа кенеліп жүрген біздің азаматтар мен азаматшаларымызды осы ұлы мерекемен құттықтай отырып, барлықтарыңызға денсаулық, амандық тілеймін. Жастардың өсіп, біздің спортшыларымыз ертең мен сияқты әлемнің, олимпиаданың чемпионы болсын!

Азамат Нұрмұқанов, қала тұрғыны: 

- Бүгін Талдықорған қаласы өте жоғары деңгейде Тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатыр. Осы ел үшін, жер үшін намыстарын бермей, қандарын төгіп, осы тәуелсіздікке жеткізген, осы күнге алып келген біздің боздақтарымызға шын жүректен алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы