388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 5 облыстық аурухана толықтай заманауи технологиямен жабдықталған

  • 569
  • UPD: 17:47, 17.12.2017

26 жыл ішінде Ақтөбе облысы нағыз өндірістің орталығына айналды.

Елдің индустрияландыру картасында көш бастап, жүздеген инвестициялық жоба іске асты. Осы жылдар ішінде өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқын алды. Әсіресе соңғы бірнеше жылда жаңа шағын аудандар бой көтерді. Тек биылдың өзінде құрылысқа салынған инвестиция 50 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 34 пайызға артық. Жыл басынан бері 500 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы 250 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Өткен 26 жылда облыс бойынша 147 медицина мекемесі салынған. Оның ішінде әлемдік талаптарға сай ірі клиникалар мен орталықтар бар. Ақтөбе бүгінде батыс аймақтағы медициналық кластердің орталығы саналады. Кластер құрамына кіретін 5 облыстық аурухана толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Облыс дәрігерлері өте күрделі операцияларды сәтті жасап жүр. Сондай-ақ жүздеген білім беру мекемесі де бой көтерді.

Марал Мыржықбаева, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары:

– Тәуелсіздік алған жылдары Ақтөбе облысында 131 білім беру нысаны іске қосылды. Оның ішінде 80 пайызы, яғни 104 мектеп – ауылдық елді мекендердегі мектептер. Тек қана 2017 жылы 17 білім беру нысанының құрылысы басталды. Жыл аяғына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда 12 мектеп беріліп, алдағы санаулы күндерде қалған 3 мектеп беріледі.

Хабар 24 телеарнасы