388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде есту қабілеті төмен балалар арасында фестиваль өтті

  • 579
  • UPD: 17:48, 17.12.2017

Дәстүрге айналған шара биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Балалар бұл жолы сахнаға қаладағы музыкалық мектеп-интернаттың оқушыларымен бірге шықты. Өнер көрсеткендер арасында Павлодардағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі Айсана Қажыкенова да бар. Ол музыкалық колледждің Ақсу қаласындағы бөлімінде оқиды. Жастайынан әнші болуды армандаған оқушы дарынды балалармен бірге ән шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Зоя Русакова, музыкалық колледж директорының орынбасары:

– Біз үшін балалардың артық-кемі жоқ. Сахна оларға қанат бітіріп, ерекше шабыт сыйлайды. Сондықтан қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қарауымыз керек. Олар дайындық кезінде бір-бірімен тез тіл табысып кетті. Осының өзі келешекте достасып кететінін көрсетеді.

Айсана Қажыкенова, есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі:

Менің құлағым естімейді. Брақ ән салғанды өте жақсы көремін. Мен әнші, актриса болуды армандаймын. Барлық концерттерде өнерімді көрсетуге тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы