369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жаңа спорт алаңы қолданысқа берілді

  • 530
  • UPD: 14:41, 18.12.2017

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында заман талабына сай спорт алаңы қолданысқа берілді. Бұл Ақтаудан шалғай елді мекенде салынған алғашқы нысан.

Өңірдің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы көтерген жоба ұлттық әл-ауқат қорымен қаржыланған. Футбол, волейбол жарыстары өткізілетін жасыл алаңға жарақат алудан қорғайтын жабынды төселіпті. Жанында көше тренажерлары мен воркаут құрал-жабдықтары орнатылған. Ауыл әкімдігі келешекте тағы осындай бірнеше спорт алаңдарын салуды жоспарлап отыр. 

Мұхтар Мүтәллапов, Шетпе ауылының әкімі:

- Бұл жерде тек жастарымыз емес ауылдың үлкендері де бар. Осы жерде өздеріне қажетті тренажер құралдарымен айналысып келеді. Қазіргі таңда Шетпе селосында 11 шағын ауданымыз бар. Тағы салуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы