384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан Шымкентке қатынайтын жол салынады

  • 1011
  • UPD: 22:18, 19.12.2017

Келер жылы Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласынан Шымкент бағытына қарай төте жолдың құрылысы қолға алынбақ.

Жобаны мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде әулиеаталық компаниялардың бірі іске асырады. Жолдың жалпы ұзындығы 6 жарым шақырым. Оның 5 шақырымға таяу бөлігі Жамбыл облысы аумағында, қалғаны көрші аймақтың иелігінде. Сөйтіп Жаңатас пен Шымкент қалалары арасындағы қатынас жеңілдей түспек.   

 Бақытжан Жәнібеков, облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары: 

- Жалпы құны 825 миллион теңге. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке сәйкес аталған қаржы 3 жылда қайтарылатын болады. Барлық процесстер ойдағыдай болса, келер жылы толық жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы