386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қырылған экзотикалық аңдардың иесі кінәлі тарапты сотқа береді

  • 411
  • UPD: 22:19, 19.12.2017

Павлодардағы хайуанаттар бағында болған коммуналдық апаттан кейін бақ иесі ғимарат қожайынынан бір жарым миллион теңгеден астам өтемақы өндіруді көздеп отыр.

Осыған байланысты сотқа талап-арыз түсірмек. Қазір ыстық судың буына тұншығып қалған жансыз жануарлар тоңазытқыштарға қойылған. Өйткені арнайы сараптама жасалады. Естеріңізге салсақ, бақтағы жылу құбырының жарылуы салдарынан экзотикалық жануарлардың 40 шақтысы қырылып қалған болатын. Олардың ішінде жасыл игуана, геккон, ірі жылан сынды сирек кездесетін хайуан түрлері бар.

Ольга Горбикова, хайуанаттар бағының иесі: 

- Маған өте ауыр тиді. Мен бұл көрініске шыдай алар емеспін әрі оларды бұл күйлерінде алғаш көргендегі жағдайымды айта да алмаймын. Күн сайын жұмысқа келгенімде түрлі дауыстар шығарып мені қарсы алатын.

Хабар 24 телеарнасы