384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 55 елді мекенге су құбыры тартылды

  • 517
  • UPD: 07:58, 20.12.2017

Сапалы ауызсумен қамту бойынша Батыс Қазақстан облысында биыл 39 жоба жүзеге асты.

65 мыңдай халқы бар 55 елді мекенге құбыр тартылды.

Бұл мақсатқа республикалық бюджет пен Ұлттық қордан барлығы 9,2 миллиард теңге бөлінген. Егер жыл басында өңірдегі 441 елді мекеннің тек 37 пайызы тораптық су құбырына қосылған болса, жыл соңында аталған көрсеткіш 42 пайызға жетті.

Мейірі қанып, мөлдір су ішуге мүмкіндік алған ауылдың бірі – Бөрлі. 4 мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы су құбырын жаңғыртуға 515 миллион теңге жұмсалған.

Ақзер Иманбекова, Бөрлі ауылының тұрғыны:

– Біздің ауылға таза су келіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Енді кезінде болмап еді таза су. Енді  бағдарлама бойынша су құбыры ашылып жатыр. Халық-ел болып, қуанып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы