384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту көрсеткіші артып келеді

  • 475
  • UPD: 07:59, 20.12.2017

Ертістегі елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту көрсеткіші 23 пайызға өсті.

Биыл 11 ауылда су тарату желісі іске қосылған. Таяуда тіршілік нәрі облыс орталығынан шалғайда жатқан Ақшиман ауылының тұрғындарына да жетті.

Құны 288 миллион теңге болатын ауқымды жоба аясында 100 отбасы таза ауызсумен қамтылды. Бұған дейін Ақшиман ауылында орталықтандырылған жүйе болмаған.

Тұрғындар суды тек құдықтан алатын. Енді төрт сатылы мембранды тазартудан өткізілген суды пайдаланады. Жалпы аймақтағы Май ауданы бойынша ауызсу мәселесі әлі де бар. Жергілікті билік тораптық су құбырын салу арқылы мәселені шешеміз деп отыр. Жоспар жүзеге асқанда ауданның 10 мың тұрғыны таза сумен қамтылады.

Ардақ Қаңтарбаев, Май ауданының әкімі:

– Енді жоспар бойынша 18 жылы сол жобаны бастап, 19-шы жылға дейін аяқтау керек. Барлық жұмыс істеліп жатыр. Жақын уақытта бәрі шешіледі деген сенімдеміз. Топтық су құбыры жобасы бойынша тағы 16 ауылды қамтамасыз етуге болады.

Хабар 24 телеарнасы