382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жаңа экспресс бағдар пайда болды

  • 662
  • UPD: 11:21, 21.12.2017
Астанада жаңа экспресс бағдар пайда болды

Ертеңнен бастап қалада жаңа №107 экспресс маршрут іске қосылады.

Ол «АстанаНұрлы жол» теміржол вокзалынан бастап агроқалашыққа дейін қатынайды.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

«Астана – Нұрлы жол» теміржол вокзалы бастапқы нүктесінен А.Байтұрсынов көшесімен оңға, М.Жұмабаев даңғылына, Р.Қошқарбаев даңғылы, Аманжолов көшесіне, Нәжімеденов көшесіне, Қалдаяқов көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы, Д.Қонаев көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа даңғылы, С.Сейфуллин көшесіне, Күмісбеков көшесіне, Тілендиев даңғылы, Ақан Сері көшесі, Фахб бен Абдулл Азиз, Байсейітова көшесі, соңғы нүкте «Агроқалашық», – делінген қалалық Жолаушылар көлігі басқармасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, №107 экспресс маршрут кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы