389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО: Бөрлі ауданында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

  • 780
  • UPD: 13:05, 21.12.2017

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

4 мыңнан астам тұрғыны бар Бөрлі ауылындағы су құбырларын жаңғыртуға бюджеттен 515 млн теңге бөлінсе, Мәдениет үйін жөндеуге 30 млн теңге қаржы қаралған. Тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде аяқталды. Бастан-аяқ жаңарған ғимарат енді ел игілігіне қалтқысыз қызмет етпек.

Нысанның тағы бірі Кеңтүбек ауылындағы балабақша. Жаңадан бой көтерген мекемеде 50 балған тәлім-тәрбие алып жүр. Ал аудан орталығы Ақсай қаласында 75 отбасы қоныс тойын тойлады. 5 қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған.

Моноқала санатындағы шағын шаһарда бүгінде 2 118 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Соңғы жылдары түйінді мәселе оң шешімін тауып келеді.

Аягөз Ғаділшеева, Ақсай қаласының тұрғыны:

- Кең болғандықтан өзімізге ұнайды. Асханасы да, дәретхана, ваннасы да жақсы. Осындай «Нұрлы жер» бағдарламасы бар екеніне рахмет айтқым келеді. Бізге, жас жанұяларға осы бағдарлама бойынша сол қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы