Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа кітап жарық көрді

  • 2103
  • UPD: 15:36, 21.12.2017

«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».

Осындай атаумен жаңа кітап жарық көрді. Онда танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің, отандық және шетелдік ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінің мақалалары топтастырылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұщымды сұхбаттар мен зиялы қауым өкілдерінің сөйлеген сөздері жарияланған. Сондай-ақ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жасаған талдаулары да жинаққа енген. 500 данамен шыққан кітап еліміздегі кітапханалар мен мемлекеттік органдарға, жоғары оқу орындарына таратылды. Электрондық нұсқасы шетелдік кітапханаларға да жолданды. Еңбекті Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтына кіріп те оқуға болады.

Ғазиз Телебаев профессор:

- Мақалада айтқан 6 бағыт бар. Біз санамызды қалай өзгертуіміз керек. Сол 6 бағыт бойынша қазір жұмыс басталу керек деп ойлаймын. Бұл – көбіне ғалымдардың жұмысы. Өйткені сананы өзгерту бұл бүкіл қоғамның ісі деп айтсақ, осыған әр ғылым өзінің үлесін қосады.

Хабар 24 телеарнасы