360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында осы жылдың 8 айында 144 мемлекеттік қызметкер жемқор деп танылған

  • 279
  • UPD: 17:44, 21.12.2017

Қызылорда облысында атқарушы органдар әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтан арыла алмай отыр.

Бұл өңір қазір еліміз бойынша екінші орында тұр. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осындай деректер айтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері жуырда Қызылорда облысында болып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын зерттеп көрген. Осы жылдың алғашқы 8 айында 144 мемлекеттік қызметкер жемқор деп танылып, ісі сотқа жіберілген. Көбі пара алып ұсталған екен. Арасында қызмет бабын асыра пайдаланғандар да бар.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қызылорда облысының жұмыстарымен барып танысып қойғаннан кейін, партия ұйымдарының жұмыстарын қарадық. Құқық қорғау органдарының материалдарын қарадық. Партия төңірегінде азаматтарды қабылдадық.

Хабар 24 телеарнасы