382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЭКСПО қалашығында алғашқы ашық сабақ өтті

  • 765
  • UPD: 17:45, 21.12.2017

Астана қаласындағы №81 гимназияның ұстаздары оқушыларына осындай керемет мүмкіндік сыйлады.

Балалар физика пәні бойынша жаңа тақырыптармен халықаралық көрменің павильондарында танысты. Бұл жерде билогия, химия және астрономия пәндері бойынша да таным көкжиегін кеңейтуге жақсы жағдай жасалған.

Әсіресе «Нұр Әлем» сферасы, «Арт орталық» және «Үздік тәжірибелер аймағындағы» құрал-жабдықтар кәдеге жарап тұр. Оқушылар кітаптағы күрделі элементтерді өз көзідерімен көріп, қолмен ұстап, керемет әсер алып қайтты.

Гүлнәр Садықова, қалалық №81 гимназияның директоры:

– Өте жақсы жасалып жатқан іс-шара деп ойлаймын. Енді ары қарай жалғыз біздің ғана мектеп емес, басқа мектептер де осыған атсалысып, келіп осы жерде көптеген пәндер бойынша жақсы мағлұмат алады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы