383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері талқыланды

  • 524
  • UPD: 17:57, 21.12.2017
Мәжілісте мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері талқыланды Фото: Kerek-info.kz

Бүгін Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Мәжіліс депутаты, Халық коммунистері фракциясы жетекшісінің орынбасары Жамбыл Ахметбеков төрағалық етіп, мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері талқыланды.

Отырыста Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік проблемалары мен оларды әлеуметтендіру, жасөспірімдерге оңалту және психологиялық көмек көрсету мәселелері жан-жақты талқыланды. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, Праламенттік семес саяси партиялар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен отбасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

«Халық коммунистері» елімізде инклюзивті білім беру жария етілсе де, көптеген ауыр созылмалы ауруға ұшыраған, бірақ ақыл-есі, санасы дұрыс науқас балалар, бұрынғыша үйінде оқытылатынын, осылайша олар өз қатарластары арасында сапалы білім алу құқығынан айрылғанын, сонымен қоса, жұмыс берушілер штатқа мүгедек қызметкерлерді алуға асығыстық танытпайтына алаңдаушылық білдірді. Нәтижесінде, осындай азаматтар мемлекеттен бөлінетін қажыға қарап қалуға мәжбүр болып, өз-өздерін асырайтын мүмкіншіліктен айрылатынын жеткізді.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мүгедектердің немесе мүгедек болуы мүмкін тұлғалардың жолында кездесетін кедергілерге тоқталды.

«Ең бірінші кедергі – акушерлік агрессия. Бұл дені сау баланың дүниеге келуіне әлеуметтік кедергі жасайтын проблемалардың бірі» деп, мүгедектік кемсітушілік фактор бола алмайтынын және болмауы да тиіс екенін жеткізді. Сонымен қоса, депутат психологиялық-неврологиялық ауытқуы бар, ақыл-есі кеміс екі мыңнан астам бала жабық үлгідегі қазыналық кәсіпорында тәрбиеленіп жатқанын және балалардың әлеуметтенуге дайындаудың жоқтығы да атап өтті. Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі: parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы