389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда идеологтар слеті өтті

  • 465
  • UPD: 19:36, 21.12.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған тапсырмаларға сәйкес, Алматы облысының орталығы Талдықорғанда идеологтар слеті өтті.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімдерімен қатар, өзге облыстардан да білікті мамандар шақырылды. Мақсат – өзара тәжірибе алысып, өңірде жүзеге асып жатқан үздік жобалармен жан-жақты танысу.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудандық бөлімдердің жұмысы бірнеше бағыт бойынша бағаланады. Ол ең алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар болса, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға да айрықша мән беріледі.

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 300-ден астам іс-шара өтті. Оған 800 мыңға жуық халық тартылды. Жүзеге асқан жобалардың көбі ақпарат, өлкетану, туризм салаларын дамытып, адами ресурсты оқытуға арналды.

Рустам Алпысбаев, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

– Келесі екі бағыттың бірі ол – үкіметтік емес ұйымдарды дамыту. ҮЕҰ арасында біз республикалық форум өткіздік. Консалтингтік орталық аштық. Қазіргі таңда республикалық 4 жобаны үздік ұттық.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы жүзеге асырған жобалар еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерінің қызығушылығын тудырып отыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасындағыларды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері толғандырады.         

Бақытжан Нарымбетов, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы:

– БАҚ өкілдерімен жұмыс істеу бағытындағы Алматы облысының тәжірибесі бізге қызықты болып табылады. Сол бағытта бүгін міне өңірлік коммуникациялар қызметіне БАҚ өкілдерімен кездесуге шықпақпыз.

Ал Алматы облысы бұл күнде әлемдік деңгейдегі ақпарат агенттіктерімен байланыс орнату ісіне кірісіп кетті. Мысалы, ВВС жақында Жетісудың көрікті жерлері жайлы бейнеролик түсіріп, күллі әлемге көрсете бастады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы