385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 10 жылда елімізде 70 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

  • 524
  • UPD: 22:00, 21.12.2017

Тек осы жылы тұрғын үй құрылысына 820 миллиард теңге инвестиция салыныпты.

«Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу мәселесі қаралған «Нұр Отан» фракциясының жиынында осындай дерек айтылды. Еліміздегі жетекші партия сайлауалды бағдарламасында халықты қолжетімді тұрғын үймен қамту мәселесіне басымдық берген еді.

Жиында сөз алған Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева бағдарламаның орындалуын Президенттің өзі ұдайы бақылауда ұстайтынын ескертті. Қазір еліміз бойынша, 460 мыңға жуық адам коммуналдық тұрғын үй кезегінде тұр. «Сондықтан алдағы уақытта бюжет қаржысын өңірлерге сұранысқа қарай бөлу керек», – дейді жиналғандар.

Берік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біздің комиссияның ұсынысы мынадай. Өңірлерге бюджет қаражатын жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге кезекте тұрған тұрғындардың санына және тұрғын үйге деген қажеттілікке қарап бөлу. Яғни бағдарламада көзделген қаражатты қайта бөлу арқылы жекешелендіруге жатпайтын жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына бюджет ақшасын ұлғайту шараларын қабылдауды ұсынады.

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінде тұрғын үйді салуға 1 млн 200 мыңнан астам отбасы кезекте тұр. Менің ойымша, ауылда тұрғын үй мәселесін шешпей қала мен облыс орталықтарында проблема шешілмейді деген ойдамыз. Оның себебін айтайын. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кезек статистикасынан көруге болады. Мысалы,  204 жылы 18 мың болса, 15 те 24 мың,  одан кейін 34 мың, ал бүгінгі таңда 54 мыңнан астам адам кезекте тұр. Өңірлерге қаржының тең бөлінбеу себебі неде

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Расында да облыстағы жағдайлар әрқалай. Бірінші кезекте жергілікті атқарушы билік тұрғын үй салатын бос аймақты дайындап алуы керек. Жеке тұрғын үй салатын жердің инфрақұрылымын жүргізуге арналған жобалық сметалық құжатты әзірлеп, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетіне беруі керек. Келесі жылы бұл мақсатқа 80 млрд теңге бөлініп отыр. Ал бізге әзірге  жергілікті биліктен 31 млрд теңгенің құжаты келіп түсті. Сондықтан көп жайт дәл соларға байланысты.

 

Хабар 24 телеарнасы