386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«СК-Фармация» компаниясы Ұлттық сараптама орталығы бекіткен 90 түрлі препарат сатып алды

  • 918
  • UPD: 22:00, 21.12.2017

Теңдесі жоқ дәрілер еліміздің емханалары мен дәріханаларына жіберіледі.

Науқастар тегін препараттарға дәрігердің рецепті бойынша қол жеткізе алады.

«СК-Фармация» компаниясы дәріні өндіруші зауыттан делдалсыз сатып алу тәжірибесін 2011 жылы қолға алған. Нәтижесінде ел қазынасындағы қаражат біраз үнемделіп отыр. Биыл кәсіпорын Ұлттық сараптама орталығы бекіткен 350 дәрінің 90 түрін сатып алды. Айта кетейік, өткен жылдармен салыстырғанда, бұл айтарлықтай көп.

Шолпан Құлиева, «СК-Фармация» компаниясының бөлім басшысы:

Біз 22 зауытпен шарт жасастық. Олардан дәрі сатып алуға 30,5 миллиард теңге қаражат жұмсадық. Тізімде қант диабеті, қатерлі ісік, тыныс демікпесі сынды дертті емдеуге қажетті елімізде теңдесі жоқ препараттар бар.

Биыл «СК-Фармация» тек шетелдік зауыттармен ғана емес, отандық өндірушілермен де келіссөз жүргізді. Ал адам иммунитеті тапшылығының вирусы мен гепатитке қарсы препарат алу үшін халықаралық ұйымдармен шарт жасасты.

Шолпан Құлиева, «СК-Фармация» компаниясының бөлім басшысы:

Адам иммунитеті тапшылығы вирусына шалдыққан науқастар үшін 14 антиретровирустық препаратты  ЮНИСЕФ-тің қолдауымен сатып алдық. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арқылы вирустық гепатитті емдеуге арналған дәріні алуды жоспарлап отыр. Барлығы бұл мақсаттарға 5,8 млрд. теңге қарастырылған.

Дәріні делдалсыз сатып алу жүйесінің арқасында «ГлаксоСмитКляйн», «Ново Нордиск», «Пфайзер», «Новартис», «Тева» сынды танымал фармкомпаниялармен әріптестік орнатылды. Енді бұл препараттар еліміздің емханалары мен дәріханаларына жөнелтіледі. Тегін дәрі-дәрмек дәрігердің рецепті бойынша беріледі.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ерзат Зайытхан

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы