388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жылу жүйесінде апат болып, бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды

  • 660
  • UPD: 21:54, 21.12.2017
Семейде жылу жүйесінде апат болып, бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды Фото: inform.kz

Магистральдық жылу жүйесіндегі апат бүгін сағат 16.00-де орын алған.

РК-1 қазандығынан 9 жылу беру нүктесі мен бірнеше көпқабатты тұрғын үй жылу алады.

Апат туралы мәлім болған соң, жылу орталығының мамандары шұғыл түрде бұл тұтынушыларды 1-ші жылу орталығына ауыстырған.  Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов хабарлады. Оның айтуынша, қазір төтенше жағдай толық бақылауда және қалпына келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

Оқиға орнында 15 адам мен арнайы 5 техника жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жылу бұрынғыша қалыпты берілмек. Қалада бірнеше күн аяз күшейіп, бүгін ғана бәсеңдегенін естеріңізге сала кетейік.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы