387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде газ құю бекетінің уақытша жұмысын тоқтатуы қиындық тудырды

  • 512
  • UPD: 08:16, 22.12.2017

Ақтөбеде сұйытылған газ ішінара жоғалатынды шығарған.

Енді оның себебін арнайы құрылған комиссия анықтайтын болды. Бұл жолы жанармайдың газ толтыру станцияларына жеткізілу қарқынын қоғамдық ұйымдар да бақылауға алмақ. Ал өңір басшысы «жанармай бекеттеріндегі кезекті жақын арада жою қажет», – дейді. Жалпы бұл мәселе Ақтөбе өңірінде осымен бірнеше рет қайталанып отыр. Бұған дейін құзырлы орган өкілдері көгілдір отын тапшылығын газ қондырғысын орнатқан көліктердің күрт көбеюімен түсіндірген еді. Ал қазіргі таңда Ақтөбе облысына бөлінетін әлеуметтік газ көлемі шамамен 2 есе артып 9 мың тоннаға жеткен. Бұл жолғы қиындық теміржол бойындағы екі газ құю станциясының бірі жөндеу жұмыстарына жабылғандықтан туындаған.

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:

Комиссия жұмысының нәтижесін бірден байқауға болады. Санаулы күн ішінде кезекті жойып, барлық газ толтыру бекеттеріне жанармай жеткізілді. Газ құю станциясының бірі уақытша жұмысын тоқтатуы қиындық тудырып отыр. Сұйылтылған газ бізге негізінен теміржол арқылы жеткізіледі. Сондықтан қазір жалғыз станция тәулік бойы демалыссыз жұмыс жасап тұр.

Хабар 24 телеарнасы