389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Ақтөбе облысының елді мекендерінде 21 медициналық мекеме салынды

  • 611
  • UPD: 07:52, 22.12.2017

Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету ісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асқан.

Қазір облыс халқының 40 пайызы ауылда тұрады. Сондықтан шалғайдағы ауыл амбулаториялары мен медициналық пункттерді жаңғырту уақыт талабы болып отыр.

Биыл Алға ауданы Бестамақ ауылында жаңа амбулатория ашылды. Дәрігерлер бұрын ескі бір ғимаратты жалға алып отырған еді. Басыбайлы нысан болмағаннан кейін заманауи қондырғылармен жабдықтау да мүмкін болмады. Қараша айында пайдалануға берілген жаңа амбулаторияда тіс емдейтін кабинетке дейін бар. Мұнда күніне 80 адам медициналық көмек алады.

Елена Зингер, медбике:

Ауылда екі дәрігер бар. Күніне 40 адамнан қабылдайды. Бестамақта 4000-нан астам халық тұрады. Балалар көп, бір жасқа дейінгі 130 сәби бар. Жаңа амбулаторияның ашылғанына  тұрғындар да, дәрігерлер де қуанышты.

Биыл ауылдарда салынған 21 медициналық мекеменің жиырмасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерді. Оның ішінде амбулатория, медициналық пункт пен фельдшерлік-акушерлік пункттер бар. Бір нысанды «Туған жер» акциясымен жеке кәсіпкер салып берді.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Ол ауылдық жерлерде бұған дейін де медициналық көмек көрсетілді. Бірақ олардың барлығы санитарлық нормаға сәйкес келмейтін нысандарды жалға алып отырды. 

Ендігі мәселе – ауылдардағы маман тапшылығын жою. Бұл орайда денсаулық сақтау басқармасы аудандық әкімдіктермен бірлесіп, дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстанып жатыр. Шалғай ауылға баратын маманның ең алдымен баспанасы болуы керек.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңның өзінде 72 дәрігерге сұраныс бар. Оның ішінде алпысы осы ауылдық жерлердегі медициналық нысандарға орналасады. Биылдың өзінде біз 92 дәрігерді жұмысқа алдық. Көтерме ақы төлеу, үй беру мәселесінде жергілікті әкімшілікпен шешіп, осы сұрақ бойынша жұмысымызды жүргізіп жатырмыз.

Жалпы тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 147 медицина мекемесі салынып, халық игілігіне тапсырылды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы