383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында «Жыл адамы» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

  • 698
  • UPD: 14:13, 22.12.2017

Осымен он бірінші рет өткізіліп отырған сайысқа бұл жолы қатысушылар тарапынан жүзге жуық өтініш түскен.

Ал үздіктер мәдениет, бизнес, медицина, өнер және спорт сияқты 19 аталым бойынша анықталды. Жеңімпаздар алтын мүсіндер мен қаржылай сыйлыққа ие болды. «Жыл журналисі» аталымына Гүлмира Әбішева лайықты деп танылды. Ол 10 жылдан бері «Хабар» Агенттігінің Маңғыстаудағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді. Арнайы комиссия оның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған репортаждарын жоғары бағалаған.

Гүлмира Әбішева, «Жыл адамы» байқауының жеңімпазы:

– Бүгін үздік деп танылғандардың барлығы – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдары. «Сен еңбекті шын сүйсең, ол саған бас иеді» деген қазақта әдемі сөз бар. Ал еңбектің бағаланғаны адамға шабыт береді. Бұл әсіресе шығармашылық адамдарына қажет. Жұмысқа деген құлшынысыңды арттырады. Енді осы қарқынмен аймақтағы жаңалықтарды бұқараға жеткізудегі тынымсыз жұмысымызды жалғастыра бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы