382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы Президент шыршасына 200 балғын қатысты

  • 486
Қостанайдағы Президент шыршасына 200 балғын қатысты

Аяз ата мен Қарша қыз және көк байрағымызда бейнеленген қыран құс, табыс арқалатқан Тауық, игіліктен үміттендірген Ит жылы.

Бұлар Қостанайдағы Президент шыршасының басты кейіпкерлері. Олар Рухани жаңғырудың идеясын балдырғандарға ертегі тілімен жеткізе білді. Облыстағы 103 мың оқушының ішінен таңдап алынған екі жүз балғын экраннан  Елбасының тілегін тыңдап, сыйлығына ие болды. Бағалы сыяпат смартфондарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тарту етті. Президент шыршасына қатысушылар әдеттегіше жеті санат бойынша іріктелген. Олардың бәрі оқуда үлгілі, өнер мен спорттың дүлдүлі. Шырша мейрамы облыстық орыс драма театры ұжымы әзірлеген жаңажылдық қойылымның тұсаукесеріне ұласты.

Бақытжан Мәжит, Президент шыршасына қатысушы:

- Бүгін менің арманым орындалды. Мен Президент шыршасындамын. Мен бүгін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мың да бір алғысымды білдіргім келеді. Өйткені ол бізге бақытты болып өсуімізге барлық жағдайды жасап отыр. Менің ата-анам, менің елім мақтан тұтатындай нағыз патриот болып өсуге сөз беремін! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы