384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Прокурорлар СҚО-ның ауыл шаруашылығы саласынан бірқатар олқылық тапты

  • 599
  • UPD: 08:51, 24.12.2017

Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылық саласында бірқатар олқылықтың беті ашылды. Мұны прокурорлар арнайы тексеріс жұмыстары барысында анықтады.

Өңірде  агроқұрылым басшыларына субсидия бөлуде соңғы үш жылда 250-ден астам заңбұзушылық тіркелген. Яғни жергілікті тауар өндірушілер тиісті шаруаларды атқармай, жыл сайын мемлекеттен қаржылай қолдау алып келген. Олардың қатарында жер заңнамасын бұзғандар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрған кәсіпкерлер де бар. Қазір осыған қатысы бар деген 20-дан астам жауапты тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Ал бір шаруа қожалығы басшысының кінәсі толығымен дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Гүлмира Бопанова, облыс прокурорының көмекшісі: 

- Тексеріс қорытындысы бойынша бүгінде 13 іс қозғалды. Шығын көлемі 550 миллион теңгені құрап отыр. Оның 200 миллионы мемлекетке  қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы