378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қаласы ІІД қар тазалау жұмыстарына қатысты көлік иелеріне ескерту жасады

  • 858
  • UPD: 15:29, 24.12.2017
Астана қаласы ІІД қар тазалау жұмыстарына қатысты көлік иелеріне ескерту жасады Хабар

Астана қаласының ІІД автокөлік иелерін жолды қардан тазарту кезінде жол шетіне қоймауларын сұрайды.

Жолды қардан тазалау кезінде жол шетінде тұрған автокөліктер қар тазалайтын арнайы көліктердің жұмысына кедергі келтіреді.

Сонымен қатар базар, сауда-ойын сауық орталықтарының қасында жол белгілеріне қарамастан өз көліктерін қоя береді, сонымен басқа көліктердің жүруіне кедергі болып, жол кептелісі болады.

Астана полициясы көлік иелерін автокөлікті тиісті тұраққа қоюларын сұрайды.

Белгіленбеген орындарға қойылған автокөліктер айыппұл тұрақтарына жеткізілетінін ескертеді. 

Астана қ. ІІД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы