383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы ІІД көші-қон қызметі мекенжайын өзгертті

  • 777
  • UPD: 13:37, 25.12.2017
<span class=favorites>Астанадағы ІІД көші-қон қызметі мекенжайын өзгертті</span> Фото: time.kz

25 желтоқсаннан бастап көші-қон саласы бағытындағы мемлекеттік қызметтер жаңа мекенжай бойынша көрсетілетін болады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сейфуллин көшесіндегі Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі мекенжайын өзгертті. Енді Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі Иманов көшесі 31 мекенжайы бойынша орналасатын болады (Бейсекбаев көшесінің қиылысы).

 

Көші-қон саласы бағытындағы мемлекеттік қызметтер жаңа мекенжай бойынша 25 желтоқсаннан бастап көрсетілетін болады», – делінген таратылған хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы