388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Екатеринбург бағыты бойынша 60-тан астам көлік жолда қалды

  • 458
  • UPD: 15:30, 25.12.2017

Күн райының күрт құбылуына байланысты Қарағанды облысында жол қозғалысы қиындады.

Әсіресе Алматы-Екатеринбург тасжолының Спасск елді мекені тұсында ондаған көлік кептеліп тұрып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жолда қалған көліктер саны 60-тан асады. Қазір оқиға орнына «Қазавтожол» мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлері жетті. Бұған қоса Жезқазған қаласынан 120 шақырым жерде жолаушылар автобусы тұрып қалған. Адамдарды эвакуациялауға арнайы техника жіберілді. Тек Қарағанды өңірінде емес, еліміздің басқа да аймақтарында қазір жол қозғалысы қиындап тұр. Осының салдарынан бірнеше бағыт бойынша көлік қатынасына шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы