384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлердің жолына тосқауыл қойылды

  • 432
  • UPD: 15:31, 25.12.2017

Атырау облысының балық қорғаушылары Жайық өзені үстінен браконьерлердің жолына тікенек сымнан тосқауыл қойды.

Бұл шара өзенге мұз қатысымен балық қыстайтын аймақтар мен Каспий теңізіне қарай оңай олжаға құныққандарды өткізбеуге арналған. Тікенек сымтемірлер өзен арналары мен теңізге апаратын барлық жолдарға тартылды. Сонымен қатар балық қорғаушылар өзен бойын шекарашылардың көмегімен үнемі бақылауда ұстайтын болады. Жайық өзеніне мұз тұрған кезден бастап инспекторлар браконьерлікке қатысты 50 құқықбұзушылықты әшкереледі. Су астынан 100-ге тарта ау алынды.

Арман Молдашев, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау инспекциясы жетекшісінің орынбасары:

– Жайық Каспий бассейнінде браконьерлердің заңсыз балық аулауына жол бермеу үшін алғаш рет осы жолдарды жауып жатырмыз. Яғни браконьерлердің Каспий теңізіне шығып, балық аулауларына тосқауыл қоюдамыз. 

Хабар 24 телеарнасы