389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады

  • 437
  • UPD: 15:34, 25.12.2017

Өскемендегі №1 қалалық аурухана базасында еліміздегі алғашқы роботтандырылған хирургия орталығы ашылады.

Жоғары технологиялы операциялық кешенде арнайы симуляциялық жабдықтар орнатылмақ. Соның нәтижесінде транспланталогиялық және ангиохирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік туады. Осылайша жылына 500-ге жуық науқасқа тиісті медициналық көмек көрсету жоспарда тұр. Медицина дамыған елдерде тиімділігі дәлелденген нанотехнологиялық орталық 2018 жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс.

Марат Шоранов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

Жаңашылдыққа мамандарымызды да дайындап жатырмыз. Дәрігерлерді үздік еуропалық клиникаларға оқуға жібердік. Жоба енгізілгенше олар барлық талаптарды игеріп келеді деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы