387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық спортшылар жаңажылдық шыршаны медальдарымен безендірді

  • 459
  • UPD: 15:33, 26.12.2017

Атыраулық спортшылар жаңажылдық шыршаны жыл бойы жеңіп алған медальдарымен безендірді.

Жыл соңында өз нәтижелерін қорытындылап, жаңажылдық балда бас қосқан жергілікті спортшылар 1000 дана медальды шыршаға тақты. 

Бұл – жүлделердің көпшілігі спорттық ойындардың әр-түрінен өткен әлемдік, халықаралық және республикалық чемпионаттардың алтын, күміс және қола медальдары. Ерекше үлгі көрсеткен атыраулық спортшылар енді эстафетаны еліміздің басқа облыстарындағы әріптестеріне жолдады.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ең үздік федерация, үздік команда, үздік спортшы, үздік спорттық жоба секілді 15 аталым бойынша аймақтағы ең мықтылар марапатталды.

Азамат Бекет, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңажылдық «челлендж» спортты насихаттауға және әріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған. Қазақстанның барлық спортшылары біздің бастамамызды қолдап, биыл қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді деген сенімдеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы