389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облыстық ІІД психологиялық көмек кабинетін ашты

  • 693
  • UPD: 11:52, 26.12.2017

Соңғы екі жылда Алматы облысы полицейлерінің арасында екі суицид оқиғасы тіркеліпті.

Тосын жағдайдың алдын алу мақсатында облыстық ішкі істер департаменті психологиялық ауыртпалықты жеңілдететін арнайы кабинет ашуға шешім қабылдады.

Психотерапиялық және психогигиеналық шараларды өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлмеде кәсіби психологтар адамды ашушаңдықтан арылтып, жұмысқа деген қабілетін арттыруға көмектеседі.

Тілеулес Тоқтарбеков, полиция инспекторы:

– Мен өзімнің жеңілдегенімді, стрестің шығуын, нерв жүйелерінің босауын мен денемнен сезініп отырмын. Яғни бұл көптен-көп таптырмас шипажай деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы