384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Руперт Гудман: 2017 жыл Қазақстан үшін табысты болды

  • 410
  • UPD: 11:56, 26.12.2017

Британ-қазақ қоғамының патроны халықаралық сараптамалық ФЕРСТ журналының негізін қалаушы әрі басшысы Руперт Гудман Қазақстанды жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.

Гудманның пікірінше, өтіп бара жатқан жылдың ең жарқын сәттерінің бірі – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып ресми жұмысын бастағаны.

Руперт Гудман, Британ-қазақ қоғамының патроны:

Жаңа жыл мерекесінде әрбір қазақстандыққа деген жүрекжарды лебіздерімді жеткізуге рұқсат етіңіздер. Бұл сіздердің елдеріңіз үшін өте табысты жыл болды. Өйткені 2017 жылы сіздер Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмыстарыңызды бастадыңыздар. Бұл ұлы жетістік. Қазақстандықтар мен мемлекет басшысына деген ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар. Жаңа жыл бақыт әкелсін!

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы