384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады

  • 520
  • UPD: 20:23, 26.12.2017

Алдағы үш күнде ел аумағында күн райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің айтуынша, қар жауып, бұрқасын соғады. Еліміздің бірқатар облысында ауа температурасы төмендейді. Желтоқсан айының соңғы күндері оңтүстік, солтүстік-батыстан келген циклонның әсерінен желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Мадина Алтаева, инженер-синоптик: 

– Астана қаласы бойынша алдағы 3 тәулікте, 27, 28, 29 желтоқсанда кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде 17-19 градусқа, күндіз 5-7 градусқа дейін болады.

Хабар 24 телеарнасы