386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Тілектер шыршасы» акциясы өтіп жатыр

  • 974
  • UPD: 20:17, 27.12.2017

Астанада «Тілектер шыршасы» акциясы өтіп жатыр.

Шараның мақсаты – психикалық-неврологогиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты ауруына шалдыққан балалардың жаңажылдық тілегін орындау. 20 желтоқсаннан бастап Астана мейірімділер клубы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері науқастардың үйіне барып, мерекелік сыйлықтарды табыс етіп жатыр. Акцияға Астананың тұрғындары мен қонақтары да қатыса алады. Ол үшін «Сарыарқа» сауда үйіне барып, шыршаға ілінген тілектерді оқу жеткілікті. Бала арманын орындауға, әр адам өз үлесін қоса алады. Шара 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры: 

– Жаңа жылда барлық бала армандарының орындалғанын, жаңалық күтеді. Сол себепті ІІМ, жүз мыңдаған қызметкеріміз «Мейірімділер клубымен» бірлесе отырып, осы игі шараны қолға алдық.

Хабар 24 телеарнасы