386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде астық таситын вагондар тапшы

  • 836
  • UPD: 22:21, 27.12.2017

Елімізде астық тасымалдайтын вагон жетіспейді.

Бұл туралы астық нарығындағы мәселелерге қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Мамандардың айтуынша, диқандар жыл сайын астығын шетелге тасымалдамақ түгілі ел ішіндегі диірменге уақытында жеткізе алмай әлек болады. Вагон жетіспегеннен кейін xалықаралық трейдерлердің талаптары орындалмайды. «Бұл олқылық шаруасын дөңгелетіп отырған ірі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді шығынға ұшыратады», дейді.

Әуезхан Дарынов, «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ президенті: 

Жалғыз Ресей ғана емес, Қытайға, Қытай арқылы өзге де елдерге апарғанды қойып, біз өнімді қайта өңдеу мәселесін қарап жатырмыз. Оған бірнеше жыл уақыт керек. Биылғы ең бір мәселе болып отырған нәрсе вагондар тапшылығы. Біреулер вагонды тапсырыс беріп, 40 вагонға тапсырыс беріп, ол 20 күнге тұрып қалады. Одан кейін басқа біреуі Маңғыстауға 100 вагон жібереді де, ол келгенше екі үш ай өтеді. Бұл үлкен шығын.

Хабар 24 телеарнасы