388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қазақстанда 22 млн тоннадай астық қамбаға құйылды

  • 505
  • UPD: 22:25, 27.12.2017

Астық нарығында баға тұрақталады.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Азық-түлік келісімшарт корпорациясына диқандардан 2 млн тонна бидайды 42 мың теңгеден сатып алуға тапсырма берді. Бұл шаруаларға маусымдық шығындарын өтеп, көктемгі дала жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік береді.

Биыл Қазақстанда 22 млн тоннадай астық қамбаға құйылды. Енді диқандар қауымы егіндерін сата алмай дал. Баға арзан. Сұраныс жоқ. Оның 3 себебі бар. Біріншіден, көрші Ресей елінде мол өнім жиналып, нарықта арзан астық көбейіп кетті. Екіншіден, вагон тапшылығы. Үшіншіден, азық-түлік корпорациясының бейқамдығы. Олар сатып алу бағасын төмендетіп жіберген. Соның салдарынан шаруашалар шаш етектен шығынға батып, пайдасыз қалды.

Еркебұлан Мәмбетов, фермер:

– Баға 34-36 мың теңгенің маңайында. 3 кластық бидайдың бағасы болып тұр бүгінгі күні. Бұл төмендеу деп ойлаймын. Диқандарға ақша қазір алған несиелерді жабу керек. Жұмысшыларға жалақы төлеу керек. Алдымыздағы көктемгі жұмыстарға дайындалу керек. Тыңайтқыш алу керек. Темір-терсек алу керек. Қыс өтіп кетеді, көктемге дайындалуға уақыт керек, қаражат керек. Осы үшін нарықты тезірек қозғап жіберу керек деп ойлаймын.

Бұл мәселе Үкімет үйінде қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі күні күзде жиналған астықтың 20 пайызы ғана сатылған. Нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы диқандардан 2 млн тонна бидайды 42 мың теңгеден сатып алатын болды. Оның барысын арнайы комиссия бақылайды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы